12.01.2026, 10:30
Оқылды: 69

380 жас футболшының басын қосқан фестиваль

Орал қаласында жас футболшыларға арналған «Жаңа жыл кап» футбол фестивалі ұйымдастырылды. Шараның бастамашысы оралдық жас бапкер, «Ақжайық жас» футбол мектебінің негізін қалаушы әрі «Даму лига» балалар футбол лигасының ұйымдастырушысы Абзал Өтешев.

WhatsApp Image 2026-01-12 at 11.24.48 WhatsApp Image 2026-01-12 at 11.24.47

Әбдірахман Әйтиев атындағы спортзалда өткен фестивальге 2015–2016 және 2017 жылы туған жас аяқдопшылар қатысты. Жарысқа Ақтау, Ақтөбе қалаларынан, Ақтөбе облысының Хобда ауданынан, сондай-ақ Орал қаласы мен Жәнібек ауданынан келген командалар жиналды.
Бірнеше күнге созылған доп додасы тартысты әрі қызықты өтті. Фестивальдің басты мақсаты балалардың жаңа жылдық демалыстан кейін оқу мен спортқа деген қызығушылығын арттыру.
– Балалар демалыстан соң сабақтарына көтеріңкі көңіл-күймен барсын деген ниетпен осы фестивальді өткіздік. Қолдау білдірген ақтаулық және ақтөбелік әріптестеріме алғыс айтамын. Алдағы уақытта балалар футболын дамытуға бағытталған мұндай шаралар жалғасын табады, – деді Абзал Өтешев.
Үш күнге созылған жарыстың жабылу салтанатына жас футболшылардың кумирлері «Бәйтерек» футзал клубының ойыншылары Әскер Наурызбаев пен Әлішер Нурин, Ілия Бөлекбаев және футбол блогері Мұса Көнев қатысып, үздік ойыншылар мен жеңімпаздарды марапаттады.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале