15.01.2026, 15:15
Оқылды: 375

«Ауыл айнасы» — 95 жыл: Газетке жазылып, жылқы мінді

Газет – сауаттылық пен эстетиканың жаршысы, тіл байытып, адамға тәрбие беретін маңызды құрал. Ол да адам секілді қолдауды, жанашырлықты қажет етеді. Газетке халық тұрақты түрде жазылып, үзбей оқыса, басылым өз өміршеңдігін сақтап, қоғам игілігіне қызмет ете береді.

WhatsApp Image 2026-01-15 at 15.22.09

Бүгінгі таңда Казталов ауданының тұрғындары республикалық, облыстық және жергілікті басылымдарға жазылу көрсеткіші бойынша облыс көлемінде алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бұл — аудан халқының газет оқуға деген қызығушылығы мен сауаттылығының айқын дәлелі.
«Ауыл айнасы» газетінің 95 жылдық мерейтойына орай аудандық төл басылымды қолдап, бір жылға жазылған оқырмандарды ынталандыру мақсатында арнайы ұтыс ойыны ұйымдастырылды. Ұтыс қорына қой, сиыр және жылқы малы тігілді.
Жуырда аталған ұтыс ойыны өз мәресіне жетті. Аудандық газетке бір жылға жазылған оқырмандардың түбіртектері арқылы жеңімпаздар анықталды.
Салтанатты шара соңында аудандық газет редакторы Қайрат Жақып ұтысқа ие болған оқырмандарды құттықтап, арнайы сертификаттар табыстады. Атап айтқанда, Жаңажол ауылының тұрғыны Таймат Мұхамбеткереев қой ұтып алса, Жалпақтал ауылының ұстазы Нұржан Меңдіғалиев сиыр иеленді. Ал жылқы жылы бағы жанған Жалпақтал ауылының тұрғыны Әсел Қапсиқова аудандық басылымға жазылып, жылқы мінді.
Ұтыс ойынының демеуші болған ауданымыздың ауылнайларына шексіз алғыс білдіре отырып, ауыл-аймақтарыңыз аман, отбасыларыңыз бақытты болсын демекпіз.

Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале