АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңестің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуға ұсыныс білдірді, деп жазады Egemen.kz.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңестің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуға ұсыныс білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Egemen.kz
Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың Tengrinews.kz-ке берген жауабында мәлім болды.
Бұған дейін Д.Трамп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесін құруды көздеп отырғанын айтқан. Қазір Аргентина, Мажарстан, Түркия, Пәкістан, Мысыр, Иордания, Қатар және Италия елдері кеңеске мүше болуға шақырту алғандарын растап, оны қабылдағандарын жария етті.
Осы мәндегі шақыру Франция, Германия және БАӘ көшбасшыларына да жолданған.
«Бірқатар елдің көшбасшысы Президент Дональд Трамптан мұндай ресми шақыру алғаны туралы мәлімдемелерінен кейін бұл фактіні жасыру дұрыс болмас еді. Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлем көшбасшылдарының арасында алғашқылардың бірі болып Бейбітішлік кеңесінің құрамына кіру, ал Қазақстанға құрылтайшылардың бірі болу туралы ресми шақыртуды алды. Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің атына жауап хат жолдап, шынайы ризашылығын білдірді және аталған жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісетінін жеткізді. Президент Қазақстанның Таяу Шығыста мығым бейбітшілікке қол жеткізуге жан-жақты үлес қосуға, мемлекетаралық сенім мен жаһандық тұрақтылықты нығайтуға ұмтылатынын растады», деді Руслан Желдібай.
Айта кетейік, Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трамппен, Израильдің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған.