20.01.2026, 12:15
Оқылды: 55

Қаратөбе ауданында төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы өтті

Қаратөбе аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудан әкімі, комиссия төрағасы Қадыржан Сүйеуғалиевтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы оздырылды.

төтенше отырыс (1)

Жиында аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы М.Искаковтың ауданы аумағындағы жылыту маусымының өту барысы және тұрғын үй секторындағы профилактикалық жұмыстар және 2026 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық туралы хабарлама жасады.

– Аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғын үйлер орталықтандырылған және автономды жылыту жүйелері арқылы тұрақты жылумен қамтамасыз етілген. Жылыту маусымы кезеңінде ірі технологиялық бұзушылықтар мен төтенше жағдайлар тіркелген жоқ.

Жылыту маусымына дайындық және оның өту барысында Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және «КазТрансГазАймақ» АҚ бірлесіп тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы аудан аумағында 6 профилактикалық рейд ұйымдастырылып, 460 жеке тұрғын үй қамтылды, 892 тұрғынға өрт қауіпсіздігі, пешпен және электр жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, көмірқышқыл газының улану қаупінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 892 дана жадынама таратылды. Ауылдық округтерге қаңтар айынан бастап кестеге сай, тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігі жағдайына тексеріс жүргізу жоспарланды.

2026 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық және қауіпсіз өткізу бойынша ауданының іс-шаралары  жоспары жасақталып, аудан әкімімен бекітілді. Осы жоспардың іс-шаралары белгіленген уақыттарымен жауапты мекемелер жұмыстануда.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың ақпан айының 6-7 күндері «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығулары жоспарлануда. Соған сай  аудандағы 12 азаматтық қорғау құрылымдары су тасқының алдын алуын пысықтап, төтенше жағдайға жол бермеу және алдын-алу шаралары жайында кеңес өткізілетін болады.

2025 жылы облыстан БАО-600 маркалы сөйлеу құлақтандыру қондырғысын аудандық мәдениет үйіне, Аққозы мектеп-бөбекжай балабақша кешені және Үшағаш негізгі орта мектебі ғимараттарынын шатырларына орналастырылып, тексерістен өткен болатын. Шөптікөл мектеп-бөбекжай балалар кешені, Қоскөл ауылық округі әкімі аппаратымен Сулыкөл ауылдық округ әкімі аппаратының теңгеріміндегі орнатылған  құлақтандыру жүйелерінің электр дабылдарын беру арқылы тексерілді, жарамды күйде.

Сонымен қатар аудандық ПБ және №18 ӨСБ-нің теңгеріміндегі арнайы автокөліктердің сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу арқылы тексерілді.

Қаңтар айынан бастап сенбі және жексенбі күндері рейдттер Қаратөбе ауданының ТЖБ-і және №18 ӨСБ-нің қызметкерлерімен аудан тұрғындарына су тасу қауіпін алдын-алуын, өз аулаларынан қар шығару жұмыстары т.б тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ шығуларға аудандық №18 ӨСБ-де рация «Иридиум» 6 дана, 1 дана АЦ КАМАЗ 2,5-40, 1 дана УАЗ (АСО) автокөлігі, 1 дана Тоyota Hilux, жеке құрам 15 адам және 1 тасымалды 1 тіркемелі су сорғыш мотопомпалармен қамтамасыз етілді. Ауданда су тасқыны кезінде күрделі жағдай орын алған уақытта БҚО ТЖД құрылымдарынан  жеке құрам 58 адам, 15- техника, 5 дана қайық, 15 дана су сорғыш мотопомпа және 5 дана тіркемелі су сорғыш мотопомпалар Қаратөбе ауданына бекітілді,  - деді.

Жиында 2026 жылғы қысқы кезеңге жол және коммуналдық қызметтердің, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің дайындық жұмыстары жөнінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Мұқанов баяндама жасады.

төтенше отырыс (2)

Отырыста қаралған тағы бір мәселе төбелердің ұшуына байланысты төтенше жағдайларға жол бермеуге арналған кешекнді шараларды қабылдау туралы аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сәния Омарова хабарлама жасады.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев отырыста қаралған өзекті мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдері мен аудан орталығындағы мекемелер, бөлімдер басшыларына тапсырымалар берді.

Р.Абай,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале