21.01.2026, 10:00
Оқылды: 50

Бүгін өңірімізде қар жауып, боран күтілуде 

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәліметті «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы жазды.

жп орал

2026 жылғы 21 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде.

Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале