21.01.2026, 16:15
Оқылды: 147

Облысымызда сарып індетінің төмендеуі байқалады

2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы аймағында сарып (бруцеллез) індетінің 29 жағдайы тіркеліп отыр. Бұл көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда – 4,2-ды құрайды.

Brucella bacteria, the causative agent of brucellosis, computer illustration. Brucella is a Gram negative, non-sporing, aerobic bacillus (rod- shaped bacteria). It is primarily a pathogen of farm animals but also causes disease (recurrent fevers) in humans. Brucella produce symptoms of fatigue, fever, anorexia, depression and muscle and joint pain. Contraction of human disease may occur through unpasteurised milk, but is more likely to be restricted to persons working in close contact with farm animals (veterinary surgeons, farm workers etc).

Сурет: istockphoto.com

2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 жағдайға азайған (2024 жылы – 32 жағдай).

Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде аурудың 18 жағдайы жеке мал шаруашылығындағы жұмыстар кезінде — малды күту, төлдету және сою барысында жұқтырылғаны анықталды.

Сарып – жануарлардан адамға жұғатын қауіпті жұқпалы ауру.

Көбіне сиыр, қой, ешкі, түйе, шошқа сияқты малдардан жұғады.

Сарыптың негізгі белгілері: дене қызуының көтерілуі, буын мен бұлшық еттің ауыруы, әлсіздік, тершеңдік.

Алдын алу шаралары:
1. Мал өнімдерін (сүт, ет) жақсылап пісіріп, қайнатып пайдаланыңыз.
2. Шикі сүт пен одан жасалған тағамдарды ішпеңіз.
3. Мал туған кезде, сүт сауғанда немесе ет өңдегенде қолғап киіңіз.
4. Мал дәрігерлік тексеруден өтіп тұруы тиіс.
5. Ауру малды бөлек ұстаңыз, оның өнімін пайдалануға болмайды.
6. Қолды жиі және сабындап жуыңыз.
Белгілер байқалса – дәрігерге жүгініңіз, өз бетіңізше емделмеңіз.

Алия Алиева,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің аса қауіпті

инфекцияларды бақылау және қадағалау

бөлімінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале