21.01.2026, 23:19
Оқылды: 5

Жөндеу туралы немесе құрылтайдағы сөзді құп алар шенді қайда?!

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзін қоғам кеңінен талқылап жатыр.

Біз «былай депті, былай айтыпты» деп цитаталарды қайталай бергеннен гөрі, Мемлекет басшысы қандай жұмыстарға жол ашады, нені жүктейді деген сауалдарға ойланып көруге шақырар едік.

Президент: - Мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдарының бірі – мәдениет пен өнер. Себебі қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл – ақиқат. Сондықтан біз руханият мәселелеріне айрықша мән береміз. Бұл салада бұрын-соңды болмаған ауқымды шаруалар қолға алынады. Атап айтқанда, Алматы облысында қазақ драма театры, Абай, Ақтөбе облыстарында театрлар бой көтереді. Шымкентте де Опера және балет театрының құрылысы басталмақ. Биыл Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ашылғанына 100 жыл толды. Осыған орай, театр ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысы аяқталмақ. Наталья Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры да жаңғыртылады. Бұдан бөлек, екі жылдың ішінде елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді, - деп көңілді жылытып қойды. Шіркін-ай осы тізімге Алаштың астанасы Жымпитыдағы мәдениет үйін қосар ма еді?!

IMG_8331

Сырым ауданының орталығындағы мәдениет үйін жөндеу мәселесінің күн тәртібіне шыққанына біраз жыл болды. Сыртының сылағы түсіп болды. Бірақ, бетіндегі дақты опамен жасырған әйелдей, ақтап-сылаудың арқасында алыстан қарағанда ғана ажарлы көрініп тұр.

IMG_8323
Залға келген көрермен қысқы уақытта сырт киімін жамыла кіретінін айтып керек емес шығар. Бұрын аудандық кітапхана мекендеген қанат қазір бос. Кірсең еден сықырлайды. Терезелері – ескі, ағаш.
Сахнадағы жарқ-жұрқ еткен жарық, LED экранның арғы жағын көрдіңіз бе?! Төбеге жарқанат ұя салған. Сахналық механикалар ескірген, шығыршықтары айналмайды.
Жертөлесіне түсіп көрдік. Сыз бен дымқыл іргетасты жеп жатыр.
Тоқаев мырза театрлар салынады, мәдениет үйлері жөнделеді дегенді естіп, біздің мәдени ошақтың жайы не болмақ екен деп «Демалыс орталығы» МКҚК директоры Эльдар Әубәкіровқа бардық. Жөндеуден не хабар барын сұрадық.
Директор жылу жүйесі мен сантехника толық тозғанын, күрделі жөндеу болмай күй болмайтынын ашып айтты.

photo-output2024 жылы Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімі жанындағы «Демалыс орталығы» МКҚК-ға тиесілі Жымпитыда орналасқан аудандық мәдениет үйін жөндеу үшін жобалық-сметалық құжат жасақталған. Жоба құны – 600 млн деп бағаланған.

Бірақ, құжат бар болғанмен, қаражат болмай тұр. Мекеме директоры Эльдар Айдарұлы аудандық мәдениет үйін жөндеу жұмысы жылма - жыл кейінге қалып барады. 2026 жылдан да жылт жоқ секілді. Себебі, жөндеу болады - ау деген меже 2027 жылдың бедері деген әңгіме айтылуда. Міне, сол жылы жобалық сметалық құжаттың мерзімі өтеді.
Алда-жалда «алтын себеп» табылып, жөндеу әрі қарай ысырылса, жобалық құжат «күйіп» кетпек. Мәселе қайтадан таз қалпына түспек. Жөндеу туралы жыр қайта басталмақ.
Құрылтайдағы сөзді құп алар шенді қайда?!

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым аудандық мәслихатының депутаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале