2020 жылдан бастап шәкіртақы көлемі жыл сайын ұлғайып, бастапқы деңгеймен салыстырғанда екі есеге артқан. Қазіргі шәкіртақы мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова айтты, деп жазады Egemen.kz.
