Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев қаладағы тіршілік үшін маңызды инфрақұрылым нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
Аралау барысында сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңғыртуға бағытталған бірқатар жобалар қаралды. Атап айтқанда, жерасты су құбырларын жаңарту, су жинау құрылыстарын реконструкциялау, жаңа су тарту ұңғымаларын салу және кәріз желілерін қайта жаңарту жұмыстары тексерілді:
• «Орал қ. жерасты су құбырын көтерудің V сорғы станциясынан С-Шығыс шағын ауданының су құбыры камерасына дейін және солтүстік-шығыс камерасынан СТС-қа дейін D1000 мм су құбырларын реконструкциялау»
• «Орал жер асты сулары кен орнының су жинау құрылыстарын реконструкциялау»
• «Орал қаласының жерасты су тартуын кеңейту үшін бес су тарту ұңғымасын салу (бұрғылау)»
• «КСС-21 және қысымды кәріз коллекторын Гагарин – Менделеев көшелерінің қиылысында орналасқан сөндіргіш кәріз құдығына дейін реконструкциялау».
Аралау кезінде Жандос Дүйсенғалиев жауапты мекемелер мен мердігерлерге бірқатар нақты тапсырмалар беріп, барлық нысандардағы жұмыстардың қала әкімдігінің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.