Теректі аудандық турнирінің салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Темірболат Сағынгереев шаңғышыларға сәттілік тіледі.

Шаңғы спорты – Теректі ауданында танымал спорт түрі. Соның айқын дәлелі – шаңғы спорты бойынша аудан намысын абыроймен қорғап жүрген жас спортшыларымыз. Шаңғымен спорттық бағдарлау сайысында жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпиондары – Алина Губашева мен Донеділ Төлеш, шаңғы жарысы бойынша облыс чемпиондары Ернұр Сағыналин мен Жанеділ Төлеш табанды еңбектері мен қажырлы жаттығуларының нәтижесінде биік белестерді бағындырып келеді. Бұл жетістіктер – жас спортшылардың ғана емес, оларды тәрбиелеп отырған бапкерлердің, ата-аналардың және спортты қолдап отырған ауданның ортақ жеңісі.
Осындай мықты шаңғышылар тәрбиелеген аудандағы шаңғы сайысына 12 команда құрамында 80-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Жарыс тартысты әрі жоғары деңгейде өтті.


Жалпы командалық есеп бойынша 1 орынды Новопавловка мектебі командасы жеңіп алды. 2 орын Подстепный ЖОББМ, Подстепный №2 ЖОББМ шаңғышылары еншісінде. 3 орын
Приречный ЖОББМ командасына бұйырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Теректі аудандық білім беру бөлімі, Теректі спорт клубы және Құмақсай ауылы атынан кубоктар, дипломдармен марапатталды. Оларға ақшалай сыйлықтар берілді.
Темірболат Тоқманбетов,
Теректі ауданы