Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов бастаған топ Мұратсай және Сайқын ауылдық округтерін аралап, қыстақтардағы шаруа қожалық иелерімен кездесті.

Әкім орынбасарымен қатар аталмыш топ құрамының қатарында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайроллин, жер қатынастар бөлімінің басшысы Руслан Карин, аудандық ветеринариялық станция басшысының орынбасары Алтынбек Үмбетқалиевтер бар.

Кездесу барысында делегаттар Мұрастай ауылдық округіне қарасты «Нұртілеу», «Мұрагер», «Қайыр», «Кәусар» қожалық жетекшілерімен және Әжен елді мекен тұрғындарымен кездесті.

Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары:
- Дәл осы топпен аудан аумағында орналасқан шаруа қожалықтармен кездесудеміз. Бастапқы мақсат - қожалық жетекшілерімен кездесіп, қыс қамына байланысты мәселе туындаса, дер кезде шешу. Осы жағдайға орай қасыма тиісті сала басшыларын серіктес етудемін, - деді Кенесары Нұршинов.
Дәл осы мәселе бойынша Сайқын округінде орналасқан «Ержан», «Ғани», «Сату», «Ерсайын» қожалықтары және «Ақбұлақ» қыстақ тұрғыны қамтылды.

Нәтижесінде, мәселе көтерген қожалық иесі болмады. Керісінше, аудан орталығынан басшылар келіп жағдай біліскенге қуанған азаматтар басшылыққа алғысын жеткізді
Сонымен қатар, кездесу барысында «Төрт түлік» мобильді қосымшасы бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

Қожалық жетекшілеріне және жалпы үй жануарлары бар азаматтарға арналған қосымша кәсіпкерлерге деген жаңа мүмкіндіктер ашатыны туралы насихат берілді.
Еркебұлан Рахметолла,
Суретке түсірген автор
Бөкей ордасы ауданы