Бүгін Шолақаңқаты ауылдық округі Тоғанас ауылында «Шортан – 2026» әуесқой балықшылар арасында балық аулаудан аудандық жарыс өтті.

Тоғанас ауылдық мәдени-спорт кешенінің ұйымдастыруымен өткен табиғат аясындағы сайысқа ауданымыздың Жымпиты, Бұлдырты, Тасқұдық, Қособа, Алғабас, Тоғанас ауылдарының және Орал қаласының балықшы командалары қатысты.
Ұйымдастырушылар тарапынан сайысқа қатысушыларға бас-аяғы 4 сағат уақыт және 10 қармақтан артық құрылмауы секілді талаптар қойылды. Балық аулау тәртібін Батыс Қазақстан облысының қорықшы қызметкерлері бақылады.
Сайыс қорытындысы бойынша:
VI-орын Рашит Байров, Айқанат Қалешов (Тасқұдық ауылы)
III-орын Бахтияр Қажмұратов, Нұрбек Утегалиев(Құспанкөл ауылы)
ІІ-орын Ринат Зайнуллин, Танат Тасымғалиев (Аңқаты ауылы)
І-орын Өркен Кенжебек, Салауат Байралиев (Жымпиты ауылы)
“Ардагер балықшы” - Омар Тілеуішов
“Ең жас балықшы”- Ерасыл Шайхиев
“Ең үлкен балық”- Байболов Әділбек (1келі 550грам)
“Ең алғашқы олжа”- Жасдәурен Жақсылықов.

Сайыстың салтанатты марапаттау рәсімінде округ әкімі Ерлан Журалиев және “Қайсар” спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов сөз сөйледі. Жеңімпаздармен жүлдегерлер диплом, ақшалай сыйлық және бағалы заттармен марапатталды.
Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы