25.01.2026, 16:30
Оқылды: 50

Байқонысты айшықтай түсті

Байқоныс ауылына кіре беріс тұста ауыл атауы жазылған сәнді арка бой көтерді.
Ауыл әкімі Алмас Қоңыровтың айтуынша, кіреберіске көрікті белгі орнату мәселесі тұрғындар тарапынан біраздан бері көтеріліп жүрген. Алайда түрлі себептермен кейінге шегеріліп келген іс 2026 жылдың басында жүзеге асты.

image-24-01-26-08-40-1
– Арка орнату – ауыл тұрғындарының, әсіресе ақсақалдар мен жергілікті қоғамдық кеңес мүшелерінің көптен бергі ортақ тілегі еді. Былтыр аудандық бюджеттен 7,8 млн теңге бөлініп, жыл соңында қажетті құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жобаны жүзеге асыруға шамамен бір айдай уақыт кетті, – дейді ауыл әкімі.
Арка темір қаңылтыр (профлист), сайдинг секілді берік металл материалдардан құрастырылған. Нысанның биіктігі – 6 метр, ұзындығы – 8 метр. Ауылға кіре берісте бой көтерген бұл белгі кешкі уақытта да көз тартатындай етіп жарықтандырылған. Сәулеттік шешімі жағынан облыс орталығының кіреберісіндегі аркамен үйлесім табады.

IMG-20260124-WA0005
Байқоныстықтар мердігердің жұмысына да жоғары баға беріп отыр. Себебі бекітілгеннен бөлек қосымша жұмыстарын да сапада орындап, нысанды талапқа сай тапсырды. Айта кету керек, орнатылған арка көршілес Достық ауылындағы кіреберіс аркамен бір үлгіде жасалған. Бұл аудан аумағындағы елді мекендердің сәулеттік келбетін біріздендіріп, тұтас өңірдің ажарын айшықтай түседі.

Сәнім Берік
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале