25.01.2026, 17:30
Оқылды: 45

Шаңғы жорығына шықты

Переметныйда «AMANAT» партиясы Бәйтерек ауданы филиалының жанынан құрылған әйелдер қанаты шаңғы жорығына шықты.

image-24-01-26-09-12

Партия жанынан құрылған әйелдер қанатының бастамасымен өткен бұл жорық партияластарды бірлікке, белсенді өмір салтына және өзара ынтымақтастыққа үндеген мазмұнды іс-шаралардың бірі болды.
Салауатты өмір салтын насихаттау, әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру, сондай-ақ партия мүшелері арасындағы ынтымақ пен командалық рухты нығайтуды мақсат тұтқан іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, ортақ мақсат жолында бірігуге мүмкіндік берді.
Мұнда партияластар еркін форматта пікір алмасып, алдағы жоспарлар мен бастамалар жөнінде ой бөлісті. Осындай бейресми кездесулер әріптестер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, сенім мен өзара қолдауды арттыратыны белгілі.
Әйелдер қанатының өкілдері атап өткендей, спорттық-сауықтыру бағытындағы іс-шаралар денсаулықты нығайтып қана қоймай, партияның ішкі бірлігін күшейтуге, ортақ құндылықтарды терең түсінуге ықпал етеді.
-Алдағы уақытта әйелдер қанаты осындай мазмұнды әрі пайдалы іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп, партия мүшелерін белсенді қоғамдық өмірге тартуды жалғастыратын болады. Аталған іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен «Яңарыш» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юлия Яфароваға, кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты Әсел Ижановаға, аудандық мансап орталығының басшысы Нұрсәуле Есенгалиеваға, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Дархан Қуатовқа айтар алғысымыз зор,-деді "AMANAT" партиясы аудандық филиалының төрағасы Бибигүл Ахметжанова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале