26.01.2026, 17:45
Оқылды: 66

Жалпы есептегі 3-орын. Бэлла Самашева мен Софья Берульцева – Ыстанбұл қаласындағы премьер-лига турнирінің жеңімпазы

Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында WKF каратэден 2026 жылдың алғашқы Премьер-лига санатындағы бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2026-01-26 at 11.34.03

Бүгінгі финалдарда Ұлттық құраманың 2 өкілі қарсыласын ұтып, алтын медаль жеңіп алды. Кумитэ бағдарламасында -55 кг салмақта Бэлла Самашева Нина Квасникованы (Словакия) 2-1 есебімен ұтты. Ал санаулы сəттер бұрын Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Дүниежүзілік ойындардың чемпионы Софья Берульцева (+68 кг) Непал өкілі Арика Гурунгты айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, каратэден Қазақстан құрамасы Ыстанбұлдағы Премьер-лига турнирін 2 алтынмен жалпыкомандалық есепте 3-орында қорытындылады.

Жалпыкомандалық есеп:

1. Мысыр (2 алтын, 3 күміс, 1 қола)

2. Түркия (2 алтын, 2 күміс)

3. Қазақстан (2 алтын)

4. Жапония (1 алтын, 2 күміс, 6 қола)

Айта кетейік, каратэден Премьер-лига санатындағы бәсекеге әлем рейтингіндегі ТОП-32 спортшы ғана қатыса алады. Қазақстан командасы сапында Түркияға 13 отандасымыз барды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале