26.01.2026, 16:45
Оқылды: 424

БҚО қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

 

_gluster_2026_1_26_05ca6c02d0dd167136f30126f16748d2_1280x720

Бүгін БҚО қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды БҚО  әкімдігі. Жиынға аймақ басшысының орынбасарлары, өңірдегі барлық деңгейдегі қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

b3c29bcb-8ad9-4fa1-b590-6329641a26cb

Төртінші сайланымдағы консультативтік-кеңесші органның 5 тұрақты комиссиясы бар. Олар бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қадағалау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, "заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету, әлеуметтік мәселелерді зерделеу, азаматтық қоғаммен байланысты арттыру және жастарды қолдау бағытында жұмыстанады. Барлық ауданға іссапарлар ұйымдастырылып, халық аманаты негізінде құзырлы құрылымдарға ұсыным хаттар жолданған. Осы және өзге де іс-шаралар туралы облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Атауовтың баяндамасында айтылды.

522161ea-374f-4b19-b566-ed76afecd365

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай және облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин Қызылорда қаласында өткен алқалы жиында айтылған елдік мәселелерге үн қосу, азаматтық жауапкершілікті терең сезінудің маңызына тоқталды.

_gluster_2026_1_26_f560f4cdb3dc5f65ba238b7edd139ed2_1280x720

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатының түпкі мәні – азаматтардың талап-тілегіне әділ және уақытылы ден қою, мемлекет пен қоғам арасында тұрақты әрі жүйелі диалог орнату.

d9984500-3f51-4827-935c-793abd5371de

Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов атқарушы орган алдағы уақытта да азаматтық қоғаммен жан-жақты байланыс орнатуға дайын екенін мәлімдеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жасады.
dd40bc1c-3ba2-4b23-bf7f-1624e672cc17Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан электр желілерін жаңғырту, мал басын асылдандыру, ауылдарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жол-көлік апаттарын азайту мақсатында "Орал-Атырау" бағытында теміржол салу сияқты маңызды мәселелер көтерілді. Осы және өзге де сауалдарға облыс әкімінің орынбасарлары жауап берді.

c1cc6e0b-e487-494f-a5d9-062515eb72da

Өңірдегі оң өзгерістер мен өзекті мәселелерді жан-жақты талқылаған облыстық қоғамдық кеңес мүшелері аймақ басшылығының жұмысына оң бағасын берді.

Фото: Мәди Салықтікі

53355e3e-3c6e-4f9e-b590-a09d4ded71c5

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале