26.01.2026, 22:24
Оқылды: 22

Бөкей ордасында «Balaqailand» ойын-сауық орталығы ашылды

Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов «Балақай Лэнд» ойын-сауық орталығының ашылу салтанатының арнайы барып, қатысты.

IMG-20260126-WA0084

Аудан басшысымен қатар аталмыш салтанатты шараға әкім орынбасары Азамат Мұхамбетжанов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Бибігүл Жұмағұлова, аудандық ардагер ұстаздар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нәйлягүл Нарболова, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
Өз кезегінде Нұрлыбек Жасқайратұлы:
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болу керек», - деп атап өткен болатын.
«Балақай Лэнд» орталығы – балалардың, отбасылардың демалыс ордасы болатынына, бүлдіршіндердің күлкісіне және ата-ананың қуанышына толатынына сенімдімін.
Бұл нысанның негізін қалаушы Бекболат Меңжановқа "Бастаған ісіңіз алға бассын!" деген тілек айтамын, - деп кәсіпкерге алғысхат табыстады.

IMG-20260126-WA0097
Аудан басшысымен қатар аудандық ардагер ұстаздар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нәйлягүл Нарболова және көршісі Жұмагелді Иматалиевтер де тілектерін айтып, қуанышымен бөлісті.

IMG-20260126-WA0088
Кәсіпкер Бекболат Меңжановтің өзі де барша келген қауымға «қош келдіңіздер!» - деп, алғысын жеткізді.

IMG-20260126-WA0087
Жалпы «Балақай Лэнд» ойын-сауық орталығын тек жабдықтандыру үшін 3.5 млн қаражат жұмсалған екен. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топ жанұядан шыққан балаларға 20% жеңілдік қарастырылған.

Ұлпан Әнуарқызы
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале