ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында бірқатар өңірлер әкімдерінің туризмді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамаларын тыңдады.

Атап айтқанда, облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыстың туристік саласын дамытудың негізін 5 басым бағыт қалыптастыратынын атап өтті: Алакөл және Балқаш көлдері, «Алтын-Емел» және «Жоңғар-Алатау» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатауының тау жотасы.
Соңғы үш жылда облыста туризмді дамытуға мемлекеттік бюджеттен 58,5 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2025 жылы – 30,2 млрд теңге. Бұл облыстың даму бюджетінің шамамен 30%-ын құрайды.
Әкімдіктің мәліметінше, аймақтың туристік индустриясы тұрақты өсім көрсетуде. Мониторинг қорытындысы бойынша 2025 жылы туристер саны 11%-ға артып, 2 млн адамды құрады, оның ішінде шетелдік туристер саны 60%-ға – 4,2 мыңнан 6,7 мың адамға дейін өсті. Көрсетілген қызметтер көлемі 17%-ға артып, 7,7 млрд теңгеге жетті, нөмірлік қор 23 мың төсек-орынға жетті.
Бүгінгі таңда Ақтау қаласының әуежайы 16 халықаралық бағыт бойынша жұмыс істейді.
Әкімдіктің мәліметінше, мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде 10% көлемінде жалпы сомасы 269,5 млн теңгеге 2 жоба субсидияланған.
2025 жылы жалпы сомасы 4,6 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба аяқталды, 110 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ Ақтау қаласының Бас жоспарын өзектендіру жұмыстары аяқталды.