27.01.2026, 18:00
Оқылды: 5

Жәнібекте үкіметтік емес ұйымдардың алдағы жоспарлары талқыланды

Жәнібек аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметовтың қатысуымен аудандық үкіметтік емес ұйым төрағаларымен 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

618344852_1523888029740866_3421041249474792724_n

Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімі, аудан аумағында белсенді қызмет атқарып келе жатқан үкіметтік емес ұйым өкілдері – «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалы, мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлесті «Жәнібек әйелдері» , «Кәусар», «Ақбастау» қоғамдық бірлестігі жастары, сондай-ақ аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың мамандары қатысты.

Жиын барысында ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қолдау тапқан жобалар туралы мәліметтер қаралып, олардың орындалу барысы мен нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов алдағы кезеңге жоспарланған негізгі бағыттарға тоқталды.

Аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Бекбауұлы үкіметтік емес ұйымдардың алдында тұрған міндеттердің ауқымды екенін атап өтіп, бұл бағытта жүйелі әрі ауқымды жұмыс жүргізу қажеттігін жеткізді. Қаржыландыру мүмкіндіктері шеңберінде қаражат бөлініп жатқанын айтып, барлық атқарылатын шаралар алдын ала жоспарланып, нақты бағытта іске асырылуы тиіс екенін ескертті.

Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігіне ерекше назар аударып, ерекше жандарға арналған ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру қажеттігін айтты. Бұл бағытта аудан мен ауылдық округтердегі барлық ерекше жандар толық қамтылуы тиіс екенін атап өтті.

Жиында «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігі мен « Аналар кеңесіне » қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналған ажырасу деңгейін төмендету, қолайсыз отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізу, өсіп келе жатқан балалардың тағдырына бейжай қарамау жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Осыған байланысты қолайсыз отбасыларды қамти отырып, тәрбиелік, әлеуметтік бағыттағы іс-шаралар ұйымдастыру қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар Талов ауылдық округінің рухын көтеру, тұрғындарға жігер беру, ауылдастарды, жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту қажеттігі де көтерілді. «Бұл – барлығымызға ортақ іс. Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті зор, сіздердің қолдарыңызда үлкен мүмкіндік бар. Жұмыстарымызды жандандырып, халықты біріктіруіміз керек», – деді Жаннұр Ахметов.

Кездесу барысында ауданымызда қоғам қайраткері Мұстақым Ихсановтың 100 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар жоспарланып отырғаны да айтылды. Аудан әкімінің орынбасары бұл бағыттағы жұмыстарда үкіметтік емес ұйымдар белсенділік танытады деген сенім білдірді.

Бану Самат,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале