27.01.2026, 17:30
Оқылды: 8

Жәнібек ауданында тұрмыстағы қауіпсіздікке бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Жәнібек ауданында жалғыз басты және көпбалалы тұрғындарға арналған профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

617076167_1523679059761763_7780932125232901996_n

Оған Жәнібек аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Берік Испенбетов, Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ернар Қамашев, аталған бөлімге қарасты «Үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығының» директоры Жұмағали Серік және «Отбасын қолдау орталығының» кеңес-менеджері Нұртай Зайнуллин қатысты.

Түсіндіру барысында тұрғын үй секторында газды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары, тұрмыстық газ жабдықтарын дұрыс қолдану ережелері, сондай-ақ газдан уланудың алдын алу жолдары кеңінен айтылды. Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың салдары туралы нақты мысалдар келтіріп, сақтық шараларына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар газ құралдарын уақтылы тексеру, желдету жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету, күмәнді жағдай туындаған кезде тиісті қызметтерге жедел хабарласу қажеттігі ескертілді.

Тұрғындарға тақырыптық жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді. Мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталмақ.

Зарина Исмағұлова,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале