27.01.2026, 21:00
Оқылды: 8

Заң талаптары назарда

Бүгін Жаңақала аудандық кітапханада «Заң және тәртіп» идеологиясы бағытында «Қоғамдық тәртіп – ортақ міндет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

image-27-01-26-08-27

Жиынға аудан прокуратурасының прокуроры Нұрлыбек Салауатұлы, аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы, аудандық сот төрағасы Меңдіғали Жүсіпбергенұлы мен бөлім басшылары және аудан жастары қатысты. Отырыс үстінде құқық бұзушылық, қоғамдағы тәртіп тереңінен қозғалып, жиналғандардың көкейіндегі өзекті сауалдарға жауап берілді. Сондай-ақ, банк өкілі ұсыныстар мен сақтық шараларын баяндап, бөгде жанға жеке басыңды куәландыратын ақпараттарды айтпауды еске салды. Қатысушылардың басым көпшілігі жастар болғандықтан, заң аясында қолданылатын өзге де қылмыстық істер мен шаралар сөз етіліп, алаяқтықтан сақтану мен алдын-алу жолдары
түсіндірілді.

image-27-01-26-08-27-1

Сонымен қатар, қойылған сауалдардың ішінде «құқықтық жауапкершілік», «азаматтық борыш», «ажырасу салдары» жөнінде әңгіме кеңінен өрбіп, қызу талқыланды.

Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале