29.01.2026, 10:00
Оқылды: 38

Тасқала аудандық ауруханасында медициналық кеңес өтті

аурухана кездесу 1

Тасқала аудандық ауруханасында  Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау мекемесінің қатысуымен өткен медициналық кеңесте   2025 жыл қорытыланды.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Әли Бердешев, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау мекемесінің Ана мен бала күтімі жөніндегі орынбасары А. Губайдуллина, бас онколог Т.Аманов, кардиолог, липидология бөлімінің үйлестірушісі Н. Аубекеров, облыстық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары А. Ерғалиева, әмбебап прогрессивті модель үйлестірушісі, педиатр Ж. Мурсенова,  сонымен қатар дәрігерлер мен ДА және ФАП меңгерушілері, учаскелік қызмет өкілдері қатысты.

Алдымен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А. Губайдуллина өңірдегі денсаулық сақтау саласының даму бағыттарына тоқталып, медициналық ұйымдардағы қызмет сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Одан әрі  Тасқала аудандық ауруханасының директоры Р.Бралов өткен жылы  атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы баяндама жасады.

Кеңес соңында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, қорытындылар шығарды. Алдағы кезеңге арналған нақты тапсырмалар белгіленіп, медициналық көмектің сапасын одан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Еламан Құспанов

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале