29.01.2026, 11:45
Оқылды: 8

Тасқала ауданында «Заң және тәртіп» айлығы аясында форум өтті

Жақсығұлов 2

Жуырда Тасқала аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Құқықтық тәртіп: мемлекеттік кепілдік» тақырыбында аудандық форум өтті.

Форум жұмысына   қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция капитаны Эльдар Батырұлы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Қадырбайқызы, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер мен 9–11 сынып оқушылары қатысты.

Форум барысында спикерлер:   аудан әкімі Талғат Асқарұлы, аудан прокуроры Алмас Маратұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жантемір Таңатарұлы, сондай-ақ полиция саласының ардагері әрі білім беру бөлімінің заңгері Мұрат Мұқанұлы сөз сөйлеп,  кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік кепілдіктердің маңызын түсіндіруге бағытталған  кездесу барысында спикерлер  оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері, қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ заң бұзушылықтардың алдын алу мен оның салдары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.

Сонымен бірге оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі ашық жауаптар беріліп, өмірлік тәжірибеге негізделген пайдалы кеңестер айтылды.

 

Болатбек Сапарғалиев,

"Жайық Пресс"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале