29.01.2026, 12:15
Оқылды: 7

Тасқала ауданында қыстақтардағы мал азығы жеткілікті

фото 9

Әсіресе, кәрі құда күшіне еніп, нағыз сақылдаған сары аяз бен көз аштырмайтын қарлы бораннан малды аман алып шығудың өзі үлкен жұмыс.   Сондықтан, осынау жауапты науқанды  шаруалар  қалай өткеруде? Сын кезеңде сыр бермес үшін қандай қарекет жасалды немесе қыстақтың жайы қалай? Жеке-қосалқы шаруашылықта жем-шөп қоры жеткілікті ме?  -деген мақсатпен, өткен жұмада аудан әкімі Талғат Шакиров, БҚО    бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Молдашев, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Самиғолла Шүкіров   және Қосшы ауылдық округінің әкімі Ербол Сидағалиев қыстақтарды аралап, Оян ауылына  қарасты "Болашақ" және "Нұрбек" шаруа қожалықтарының  жағдайымен танысты.

фото 7

Сапар мақсаты – мал қыстату жағдайын көзбен көріп, шаруалардың өзекті мәселелерін тыңдау және алдағы кезеңге нақты міндеттер белгілеу болды.

Алдымен, аудан басшысы Талғат Асқарұлы  «Болашақ» шаруа қожалығына ат басын бұрып,  жақында ғана 600 басқа арнап салынған бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Мұнда  қазірдің өзінде әр бөлікке жас шамасына қарай орналастырылған  450 бас бар.

-Біз кішкентайымыздан малдың арасында өскендіктен, оның жағдайын да жақсы түсінеміз. Әрине, жерің болып, техникаң жүріп тұрса, неге ұстамасқа.  Қазір өз алдыма шаруа қожалығын ашып, мал өсіріп, соның пайдасын көріп отырмын. Күні бүгінге 700 ден астам ірі қара, азын-аулақ қой және жылқым бар. Бірақ, жер мәселесі қолбайлау болып тұр. Мал басы өскен сайын, жерге де сұраныс өседі. Өзіме тиесілі жайлым мен шабындығын қосқанда 2800 гектардай жер бар. Бірақ ол аздық етіп тұр. Жақында баспақтарды бордақылауға қойдық. Оларға жемді қаладан тасымалдаймыз. Егерде бізге аудан әкімдігі жермен көмектессе, ешкімге салмақ салмай, егін егіп, жем-шөбімізді өзіміз дайындап алар едік. Сол шабындықтың аздығынан былтыр не бары 4000 мыңнан аса шөп қорын жинап алдық. Бірақ, олда аздық етеме деп қорқып отырмын. Себебі ауа-райына сенуге болмайды. Қыстың арты ұзап кетіп жатса деген қорқыныш та бар. Ия, одан да көп жинауға болар еді, шабатын жер қалмады. Енді нағыз жетпейтіндей жағдай болса мал басын азайтуға тура келеді. Трактор, Камаз, Газель автокөліктерін қосқанда барлығы оншақты техникам бар. Қазірдің өзінде 6 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Жаз мезгілінде одан көп жұмысшы аламын.  Аудан басшылығына да рахмет. Келіп жағдайымызды біліп, мұң-мұқтажымызды тыңдап жатқан. Бізде тек бір ғана мәселе, ол жер. Осы жағынан көмектессе нұр үстіне нұр болар еді.  Былай жағдайымыз жаман емес-дейді қожалық басшысы Жеңіс Габдуллин.

Аралау барысында аудан басшысы қыстақтардағы мал азығының жеткіліктілігі, қора-жайлардың жай-күйі мен  су көздері, сонымен қатар,  қожалықтағы техникалардың жағдайын  өз көзімен көрді.

Назгүл Серікқызы,

"Жайық Пресс"

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале