29.01.2026, 13:00
Оқылды: 7

Ақсай қаласындағы шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының Кубогінің І кезеңі өтті

621192551_33424664993846003_1122963024327214656_n

Ағымдағы жылдың 21-23 қаңтары аралығында Ақсай қаласындағы шаңғы-биатлон базасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының Кубогінің І кезеңі өтті. Аталған жарысқа 2010-2011 ж.т, 2012 ж.т. және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысты. Жарысқа Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары, Алматы, Қостанай қалалары және Бөрлі ауданынан барлығы 130-ға жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады. Шаңғышылар жекелей сында спринт, классикалық және еркін жүріс бағдарламалары бойынша сынға түсті.

Қазақстан Республикасы Кубогінің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоғжанов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы Берік Рахымғали, «Жайық Арена» спорт кешенінің директоры Артур Шерғалиев, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Қарабаев, ауданымыздың шаңғы спорты федерациясының президенті Алибек Сарсембаев, Ақсай мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің директоры Бауыржан Мухтубаев, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры  Ербол Мерғалиев, БҚО шаңғы спортының аға жаттықтырушысы және жарыстың бас төрешісі Ислам Сагиналиевтер қатысып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

de6ae8a7-665f-4981-845f-37c07edbb453

Жарыстың қорытындысы бойынша жерлес шаңғышыларымыз өте жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, спринт бағдарламасы бойынша 2010-2011 ж.т ұлдар арасында 7,5 км қашықтық бойынша жерлесіміз Арын Тәжібаев ІІ орын, ал 2010-2011 ж.т қыздар арасында 5 км қашықтықта ауданымыздың шаңғышысы Анастасия Соколова қарсыластарын шаң қақтырып, І орынға ие болды.

2012 ж.т және одан кіші ұлдар арасында 5 км қашықтық бойынша бөрлілік Алишер Маликов пен 2012 ж.т және одан кіші қыздар арасында 3 км қашықтықта Амира Жақсылықова жеңіске жетіп, І орын иегері атанды.

Еркін жүріс бағдарламасы бойынша 2010-2011 ж.т қыздар арасында бөрлілік Анастасия Соколова жеңіске жетті. Ал 2012 ж.т және одан кіші қыздар мен ұлдар арасында бөрліліктерден І орынға Саида Тудахунова, ал Алишер Маликов ІІ орынға ие болды.

Классикалық бағдарлама бойынша 2010-2011 ж.т қыздар арасында бөрлілік Анастасия Соколова І орынға, Лейла Мукатова ІІІ орынға ие болды.

Сонымен қатар 2012 ж.т және одан кіші ұлдар арасында Алишер Маликов жеңіске жетсе, ал қыздар арасында Амира Жақсылықова ІІІ орын иегері атанды.

Шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының Кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы комитетінің тиісті дәрежелі дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.

Алдағы уақытта шаңғыдан Қазақстан Республикасы Кубогінің ІІ кезеңі Петропавл қаласында, ал ІІІ кезеңі Шығыс Қазақстан облысында өтетін болады.

Айдана Абдрахманова

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале