28.01.2026, 16:15
Оқылды: 546

БҚО бойынша ең жас әкім Сырым ауданында сайланған

Дүниежүзілік сайлау күні - сайлау құқығының маңызын, демократиялық құндылықтарды, сондай-ақ азаматтардың сайлау процесіне саналы әрі белсенді қатысуын насихаттауға арналған. Биыл Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Электоралдық принциптер-сайлаушы сенімінің негізі» тақырыбын негізге ұсынып отыр. 

PHOTO-2026-01-10-11-25-11

Қазіргі демократиялық қоғамда сайлау институтына деген сенім – мемлекеттік тұрақтылық пен азаматтық бірліктің басты кепілі. Бұл сенім, ең алдымен, сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ететін электоралдық принциптердің нақты сақталуына тікелей байланысты.

2021 жылы халық жасырын дауыс беру арқылы алғаш сайлаған ауылдық округі әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты былтыр Бұлан, Жосалы, Сарой, Аралтөбе және Бұлдырты ауылдық округ әкімдерінің сайлаулары және Сырым аудандық мәслихатының №1 бірмандаттық сайлау округінің шығып қалған депутатының орнына сайлаулар болып өтті. 

Сайланған ауыл әкімдерінің орташа жасы – 33 жас. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы бойынша ең жас әкім - Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Уалиахметов.

Биылғы жылы жоспар бойынша Алғабас және Талдыбұлақ ауылдық округі әкімдерінің өкілеттілік мерзімдері аяқталады. Қазіргі уақытта ағымдағы жылдың 22 ақпанына Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалып, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев былтырғы жылғы халыққа жолдауында елімізде бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтерген болатын. «Turkistan» газетіне берген сұхбатында биылғы жылы Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған стратегиялық бағыт-бағдары айқындалатын маңызды кезең болатынына және конституциялық реформаға қатысты референдум өтетініне тоқталды. Яғни,әрбір өзекті мәселе халықтың талқысына салу арқылы шешілетінін атап өтті. Сондықтан,сайлау комиссияларының құрамы мен құрал жабдықтарды түгендеп, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп дауыс беру орындарының республикалық референдум өткізуге дайындық жұмыстарын да бастап кеттік.

Кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары-сайлау процесінің ең маңызды кезеңдерінің бірі. Үгіт жүргізу арқылы сайлаушылар кандидаттардың бағдарламасымен, нақты жоспарларымен танысады. Бұл азаматтарға саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді. Алайда, кейбір кандидаттардың үгіт насихат жұмыстары мардымсыз жүріп жататыны белгілі. 

2023 жылдан бастап Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен кандидаттар арасында тұрақты түрде пікірсайыс өткізіліп келеді. Пікірсайысқа тіркелген кандидаттардың барлығы қатыстырылып көпшілікке ашық өтеді, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде таратылады. Бұл сайлау процесінің ашықтығын арттырып, сайлаушылардың сенімін күшейтеді.

Пікірсайыс барысында сайлаушылар кандидаттар берген уәделердің шынайылығын бағалайды, қай кандидаттың жоспары нақты әрі өміршең екенін аңғарады. Жалпы алғанда сайлау алдындағы пікірсайыс – кандидат пен сайлаушы арасындағы тікелей диалог алаңы. Ол демократиялық қоғамның басты көрсеткіштерінің бірі саналады.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы пікірсайыс алдында жергілікті жерлердегі зиялы қауым өкілдерімен, ауылдың белсенді азаматтарымен, қоғамдық ұйым өкілдеріменкездесіп, сайлау саласындағы заңнамалық және ұйымдастырушылық өзгерістерді жан-жақты баяндап келеді. 

Өткен жылдың қыркүйегінде жастардың сайлау процесіне деген қызығушылығын ояту, жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сананы  дамыту мақсатында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан «Жас сайлаушылар клубы» құрылды. Клуб жұмысы сайлау процесіне қатысушылар арасында құқықтық ағарту және электоралдық мәдениетті арттыру шеңберінде жастар арасында саяси сауаттылықты дамытып, олардың сайлау процестері мен демократиялық институттарға саналы көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етіп келеді.

Қазіргі уақытта клуб бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.

Мейірбек Хасанов, 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале