28.01.2026, 15:00
Оқылды: 12

БҚО әкімдігі: туризмді дамыту және балалар қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

_gluster_2026_1_28_c5a60ae3b845187314487517c1585ac6_1280x720

Фото: gov.kz

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.

Күн тәртібінде туризмді дамыту және 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының орындалуы туралы мәселелер қаралды.

Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режим арқылы қатысты, деп хабарлайды БҚО әкімдігі баспасөз қызметі.

Былтыр өңірге 38 мыңнан астам турист келіп, 3,6 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. 2025-2027 жылдарға жалпы құны 17 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жоспарланып, оның екеуі жүзеге асырылды.

Туристік инфрақұрылымды жақсарту мақсатында облыстағы 4 теміржол вокзалы мен «Сырым» шекара бекеті жаңғыртылып жатыр.

Саланың цифрлық әлеуетін арттыру үшін www.visit-uralsk.kz сайты мен 70-тен астам нысанды қамтитын интерактивті 3D картасы іске қосылды. Сонымен қатар, биыл Бөкей хандығының 225 жылдығына орай сәуір, наурыз және тамыз айларында өңірдің тарихи-мәдени тартымдылығын арттыратын ауқымды көрмелер, ғылыми конференциялар мен фестивальдер өткізу жоспарланды.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында өңірде 30 іс-шараны жүзеге асыру көзделген.

Үкімет отырысынан соң облыс әкімі тиісті құрылымдарға білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, ыстық тамақ сапасын қатаң бақылауды тапсырды. Сондай-ақ мектеп ішіндегі медициналық пункттерді заманауи жабдықтау және балалар үшін стоматологиялық кабинеттер ашу мәселесі басты назарға алынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале