29.01.2026, 19:00
Оқылды: 8

Бөкей ордасы ауданына штаб мүшесі арнайы келді

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының орынбасары және 2025-2026 жылдары мал қыстағын өткізу бойынша құрылған штаб мүшесі Қайрат Қадешев Бөкей ордасы ауданына арнайы келіп, аудандық ауыл шаруашылық бөлім басшысы Сүйінбек Хайроллинмен кездесті.

IMG-20260129-WA0086

Кездесу барысында аудандағы мал шаруашылығымен айналысып жатырған кәсіпкерлердің жағдайы талқыға салынды.
- Біздің бастапқы мақсат - қадағалау емес, жағдаймен танысу. Облыстық штабтың құрылу себебі өткен жылы жарияланған төтенше жағдайдың алдын алу болып табылады.
Сонымен қатар, әр аудандағы шаруа қожалықтардың қысқы мезгілге дайындығы мен қыстақтың өту барысымен танысу- деді Қайрат Қадешев.
Өз кезегінде Сүйінбек Хайроллин аудан аумағында аталмыш жағдай бойынша арнайы топ өз жұмыстарын өткізгені туралы айтты.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында 30-дан астам қыстақ аралаған топтың жұмыс нәтижесімен таныстырған бөлім басшысы, аудан бойынша мал азығы қыстан аман шығуға жететіні туралы баяндады.

IMG-20260129-WA0089
Баяндамасымен қатар, ауыл шаруашылық бөлім басшысы мысалы ретінде штаб мүшесін Бисен ауылдық округінде орналасқан «Нияз» қыстағына алып барды.
Кездесу барысында Сүйінбек Хайроллин қысқа деген жоспармен толықтай бөлісті.

Еркебұлан Бисенғалиев
Суретті түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале