«Дүниежүзілік сайлау күні» қарсаңында жоспарланған шаралар бойынша «Тәуелсіздік» қағидатының аясында бүгін «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» ғимаратында, шараның «Тәуелсіздік» қағидатының аясында «Жас сайлаушылар» клубының ұйымдастыруымен, Орал қаласы аумақтық сайлау комиссия мүшелерінің атсалысуымен «Жастар парламентаризмін дамыту: мақсат пен мүмкіндік!» тақырыбында талдау мен ұсыныстар айтылған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге қаламыздағы белгілі жастар көшбасшылары, оқу орындарының студенттер ректорлары, клуб мүшелері, саяси партиялардың жастар қанатының өкілдері қатысты.

Қатысушылар тақырыпты ашық және қызу талқылап, саяси өмірге жастарды тарту, облысымыз бен қаламызды дамыту ойларын енгізу мақсатында әлеуметтік желіде подкасттар, дебаттар, электрондық дауыс беруді өткізу сияқты т.б. ұсыныстарын ортаға салып, пікірлерін білдірді.

Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясы