3.02.2026, 14:30
Оқылды: 82

Кен орнында газ өңдеу зауытын салуға  уағдаласты

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Қытайдың «CITIC Construction Co., Ltd» компаниясы арасында Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу бойынша ынтымақтастықтың базалық қағидаттары туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі  хабарлады.

WhatsApp Image 2026-02-03 at 15.27.34

Аталған құжат Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасын жүзеге асыру негіздерін, оның ішінде жобаның құнын бағалау, қажетті жабдықтар жиынтығын  анықтап, ынтымақтастық бағыттарын айқындайды. Сонымен қатар тараптар жобалық құжаттаманы (FEED) әзірлеуге көшу, тиімді техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді іздеу үшін әрі қарай бірлесіп жұмыс жасауға  келісті.

Бұл құжат Қазақстан және Қытай арасындағы энергетикалық серіктестікті жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам ретінде бағалануда. Қарашығанақ ГӨЗ жобасы еліміздің газ өңдеу саласын дамытуға, экологиялық талаптарды сақтауға және өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

 

Гүлнәр Шәңгерей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале