Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтың төрағалығымен Бас қолбасшылықта 2025 жылғы күзгі шақыру науқанының қорытындысын шығаруға арналған жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, Бас қолбасшылық офицерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Әскери-тергеу департаментінің және ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында әскерге шақыруды ұйымдастырудың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде әскерге шақыру жасындағы азаматтарды медициналық қамтамасыз ету мәселелері бойынша, әскерге шақыру нәтижелеріне тікелей әсер ететін баяндамалар тыңдалды.
Мемлекеттік органдардың өкілдері 2026 жылғы шақыру науқанының сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарды айтты.
Кеңес қорытындысы бойынша практикалық ұсыныстар әзірленіп, әскерге шақыру жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған басым шаралар айқындалды. Белгіленген міндеттерді іске асыру ведомствоаралық өзара іс-қимылды және қатаң бақылауды қамтамасыз ете отырып, жүйелі негізде жалғастырылатын болады.