Бүгін Казталов ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты аудан әкімінің орынбасары Айдар Қазбекұлы Менеев қатысуымен өткізілді. Жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе қаралды. Казталов ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Нұрбек Байболов баяндама жасады. Ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурс арқылы беру тәртібі туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сағат Нұрмұхамбетов түсіндірді. Қоғамдық кеңестің жылдық жұмыс жоспарын талқылау бойынша кеңес төрағасы Самат Хасанов баяндама жасады.
Отырыс барысында жер учаскелерін беру үдерісінің ашықтығы, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары жан-жақты талқыланды. Кеңес мүшелері бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы