Қысқы кезең басталғалы бері қала аумағында қарды тазалау және оны арнайы полигондарға шығару жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл жұмыстарға 270-тен астам арнайы техника жұмылдырылып, тәулік бойы жұмыс атқаруда. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
Сурет сайт архивінен
Бүгінгі күнге дейін қала бойынша жалпы 350 178 текше метр қар шығарылды.
Кеше күндіз 8 592 текше метр қар полигондарға жеткізілсе, түнгі ауысым барысында 1 428 текше метр қар шығарылды.
Алдымен магистральды көшелерге, қоғамдық көлік қатынайтын бағыттарға, әлеуметтік нысандарға, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолдарына басымдық берілуде.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысының қолайлылығын арттыру мақсатында қар тазалау және жол қауіпсіздігіне қатысты жұмыстар алдағы уақытта да күшейтілген режимде жалғасатын болады.