6.02.2026, 10:15
Оқылды: 90

Таразда кураштан ел чемпионаты өтіп жатыр

Тараз қаласында кураштан Қазақстан Республикасының чемпионаты жалғасуда. Бұл жарыс Токиода өтетін Азия ойындары мен Бішкекте жалауы желбірейтін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу болғандықтан, бозкілемге елдің ең таңдаулы балуандары жиналды.

WhatsApp Image 2026-02-06 at 10.11.05 (1)

Дүбірлі додада Батыс Қазақстан облысының балуандары жоғары дайындықтарын дәлелдеді. Өзбек күресін өгейсінбеген оралдық Айбатыр Миразат 60 келі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, ел чемпионы атанды. 90 келіде белдескен Архат Өтеген де қарсылас шақ келтірмей, алтын медальға қол жеткізді.

WhatsApp Image 2026-02-06 at 10.11.05

Жеңіс тұғырынан көрінген қос балуанның бұл табысы жүйелі дайындық пен қажырлы еңбектің жемісі. Енді оралдық оғландар алдағы халықаралық әрі әлемдік деңгейдегі жарыстарда да ел мерейін асырады деген сенім мол.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале