6.02.2026, 21:00
Оқылды: 9

Кураштан өткен ел чемпионатынан БҚО спортшылары олжалы оралды

Тараз қаласында кураштан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталмыш жарыста Батыс Қазақстан облысының спортшылары сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

photo-output

Жарыстың соңғы күнінің қорытындысында өңір намысын қорғаған төрт спортшы жүлдегер атанды. Атап айтқанда, 66 кг салмақ дәрежесінде Мұқамбеткалиев Жантөре мен 81 кг салмақта Сейткалиев Саят қола медаль жеңіп алса, 100 кг салмақ дәрежесінде Жанболатұлы Эльнар күміс жүлдеге ие болды. Ал осы салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Крылов Даниил қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, ел чемпионы атанды

БҚО палуандары жарыс барысында жоғары дайындықтарын көрсетіп, тартысты белдесулерде нағыз жауынгерлік мінез таныта білді. Бұл нәтиже спортшылардың қажырлы еңбегі мен бапкерлер құрамының жүйелі жұмысының жемісі.

64d3b723-9442-43e0-9897-8fc7b3202422

Осылайша, Батыс Қазақстан облысының құрамасы ел чемпионатын алты медальменаяқтады. Бұған дейін Айбатыр Миразат пен Архат Өтеген ел чемпионы атанған болатын.

photo-output

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да өңір спортшылары биік белестерді бағындырады деп сенеміз.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале