10.02.2026, 15:00
Оқылды: 15

Қызмет қолдың кірі емес...

Қоғам күн сайын өзгеріп жатыр. Әділетті Қазақстан  қоғамын  құрудың  заң  үстемдігі қағидаттарына сүйенген «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы уақыттың талабы. 

Бүгінгі жаңа түсініктер заманы қоғамдық сананың белсенді өзгерістері  тәртіпті  сақтау  салаларын  да  айналып өтпейді.

Бұл салаларда жаңалықтар мен жағымдыжайттар жетерлік. Соның бірі - осы  салаға  қызметке тұру жағдайы.

Полиция ЖП

Біз бұл туралы Шыңғырлау ауданы полиция бөлімі бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі  орынбасары Есмұхан Біржан Өмірзақұлымен тілдескен болатынбыз:

-Полиция қоғамдағы тыныштық пен тәртіптің кепілі.  Азаматтардық  қауіпсіздігі,  өмірі,  мүлкі  мен тыныштығы басты міндет. Жалпы, мемлекет тарапынан Ішкі істер қызметіне қолдау күшті. Полиция мәртебесін көтеру, олардың алаңсыз қзымте жасауына жағдай туғызу бүгінгі күні жан- жақты қамтылған. Биылғы жылы қаңтар айынанбастап елімізде Ішкі істер министрлігінің  жаңа«Qyzmet-Police.kz» онлайн платформасы іске қосылды. Бұл платформа арқылы кез-келген азамат полиция қызметіне орналасуға ниетті кезексіз, артық құжатсыз, онлайн форматта өтініш бере алатын болды.  Бір артықшылығы  бұл жерден үміткер Қазақстанның барлық өңірлеріндегі ішкі істер  саласының  бос лауазымдарын  көре алады. Ол өзіне қолайлы қала мен бөлімшені, қызмет түрін де осы жерден таңдап,  өтініш білдіре алады.

Осылайша «Qyzmet-Police.kz» платформасы ІІМ-нің кадр саясатын ашықтығын қамтамасыз

етеді. Бұл сенім мен әділдікке бағыттаған цифрлық ілгерілеушіліктің  маңызды тұсы,  яғни, таңдалған лауазымның жалақы мөлшері және тұрғын-үй төлемдерін  де автоматты  түрде көрсетеді.

Жалпы, Ішкі істер органдарында қызмет етудің бірнеше  артықшылықтары  бар десек болады.  Атапайтқанда, қызметтік өтілі мен арнаулы атағына сай келетін тұрақты жалақы, сауықтыру

арналған еңбек төлемдері, қызметтік киіммен тегін қамтылуы, медициналық көмектерді

тегін алуы, арнаулыатағына байланысты 48 жастан бастапзейнеткерлікке шығу және әрбір отбасынаесептелген тұрғын- үй төлемақысы да қарастырылған.

Денсаулықтың жарамдылығы, орта және жоғары білімнің болуы, жасының 35 жасқа дейінгі

және бойының 170 см- ден кем болмауы сияқты талаптарда бар. Әрине, бұл талаптар

бұған дейін де болған және әлі де күшінде. Айта кетерлігі, жоғары білімнің офицерлік лауазымға, ал орта білім сержанттық құрамдағы қызметтерге жарамды, - дейді Біржан Өмірзақұлы.

Қазір жастардың дені түрлі қызмет іздеп, өмірден, қоғамнан өз орнын табуға тырысып- ақ жүр, бірқатары қалаға жұмыс іздеп кетіп жатады. Алайда жақсы қызмет табу оңай емес. Сондықтан аудан тұрғындарының бұл жайтты да біле жүргені дұрыс.

 

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале