11.02.2026, 12:15
Оқылды: 8

Ақжайық ауданы: Кәсіпкерлер демеуші болған турнир

«Ақжайық» спорт кешенінде волейболдан ауданның ашық турнирі өтті. Жарысқа Орал қаласынан «Намыс», «Номад» командалары, сондай-ақ Бәйтерек, Бөкей орда, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Тасқала, Теректі аудандарының спортшылары қатысты. Сонымен қатар Ақжол, Қарауылтөбе ауылдық округтерінен және Чапаев ауылынан «Ғазез» ЖК командасы бақ сынады.

6

Бұл турнирдің ерекшелігі – жүлде қорына бюджеттен бір тиын да қаражат бөлінген жоқ, барлығын спортқа жанашыр қос кәсіпкер, ауданға белгілі меценаттар Әлішер Мағзом мен Дархан Төлепбергенов көтеріп алды.

Жарыстың жабылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Денис Умашев қатысып, спортты қолдаған кәсіпкерлерге,  барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Тартысты өткен бәсекеде ІІІ орынды Орал қаласынан келген «Номад» командасы иеленіп 300 мың теңгенің сертификатын ұтып алды. ІІ орынға Бәйтерек ауданының командасы ие болып, олар 500 мың теңгенің сертификатымен олжалы болды. Ал турнирдің жеңімпазы –Қарауылтөбе ауылдық округінің командасы. Жеңімпаздарға 1 миллион теңгенің сертификатын аудан әкімінің орынбасары Денис Молдағалиұлы салтанатты түрде табыстады.

Сонымен қатар турнирде жекелей аталымдар бойынша үздік ойыншылар анықталды. Атап айтқанда, Қамбарбек Сәлімов («Намыс» командасы) «Ардагер спортшы» аталымын иеленсе, Сабина Бұланаева (Қарауылтөбе) «Үздік әйел ойыншы» атанды. Нұрбек Сұпығалиев (Жаңақала) «Үздік қорғаушы», Қайрат Төлешев («Ғазез» ЖК) «Үздік тосқауыл қоюшы», Бейбарыс Шәденов (Қарауылтөбе) «Үздік байланыстырушы», ал Медет Мақсұтов (Теректі) «Үздік ойыншы» аталымдарына ие болды. Барлық жекелей аталым иегерлері 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Аида Асылбек

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале