11.02.2026, 10:00
Оқылды: 16

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы цифрлық бақылау

 

8388fc58-79c4-4318-b077-88e2d3ef32ba

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауды ақпараттық жүйелер арқылы қашықтықтан жүргізуде. Цифрлық бақылау тәсілдерін қолдану мемлекеттік қызмет көрсету барысында орын алатын бұзушылықтарды жедел анықтауға мүмкіндік беріп отыр.

Жүргізілген бақылау нәтижесінде 2025 жылы 421 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, оның ішінде 328 жағдай қашықтықтан жүргізілген бақылау барысында анықталған. Анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі қызмет көрсетушілер тарапынан заңнамада көзделмеген негізсіз бас тартулармен байланысты болды. Департаменттің ұсынымдары негізінде өтініштер қайта қаралып, азаматтардың өтініштері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрбір қызмет алушы сапалы мемлекеттік қызмет алуға, толық ақпарат алуға және шағымдануға құқылы. Осы бағытта қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстары тұрақты түрде жалғастырылуда.

Сонымен қатар, азаматтардың уақытын үнемдеу және шағым беру үдерісін барынша жеңілдету мақсатында «eGovKZBot2» Telegram боты қолданысқа енгізілді. Бұл цифрлық сервис арқылы азаматтар тәулік бойы мемлекеттік қызметтерде бұзылған құқықтары бойынша шағымдарын жылдам әрі ыңғайлы түрде жолдай алады.

«eGovKZBot2» – цифрлық мемлекет қалыптастыруға бағытталған тиімді құралдардың бірі. Telegram арқылы қолжетімді бұл бот әрбір азаматқа өз құқығын қорғауға және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале