11.02.2026, 10:30
Оқылды: 18

Мемлекеттік қызметшілерді заңсыз іс-әрекеттерден қорғау барысы

55c295db-30c2-46c7-9754-990be0bbb1e0

 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру болып табылады.

Мемлекеттiк қызметшiлерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетін кепiлдiктер белгіленген. Алайда, дербес мемлекеттік органдармен аталған кепілдіктер сақталмаған. Осылайша, Департаментпен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, 2025 жылы  7 мемлекеттік қызметшіге заңнама талаптары сақталмай қолданылған тәртіптік жазалардың күштері жойылып, олардың бұзылған заңды құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен бірге, өткізілген 3 жалпы конкурс нәтижесінің күші жойылып, 2 кандидаттың бұзылған заңды құқығы қалпына келтіріліп, аталған конкурстарға қайта қатысуға мүмкіндігі берілді.

Осыған қоса, есептік кезеңде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізілді.

Жекелеген мемлекеттік органдардың қызметшілері жұмыс орнында үстеме жұмысқа тарту туралы жұмыс берушінің бұйрығы рәсімделмей, отырғандары анықталып, мониторинг нәтижесі бойынша 17 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтіріліп, оларға демалыс уақыты ұсынылды.

Бұдан бөлек, «Мемлекеттік органдардың қолжетімділікті бақылау және басқару» жүйелеріне талдау жүргізу барысында 215 мемлекеттік қызметші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыс орындарында болып, жұмыс уақыты режимінің бұзылғаны белгілі болды.

Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мақсатында, оларға демалыс уақыттары берілді.

Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметшілерге Үкiметтің айқындалған тәртiпте қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi.

Осылайша, Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде іссапар шығындарын уақытылы төлемеген 113 мемлекеттік қызметшіге тиісті 14,3 миллион теңге көлемінде төлемдер жүргізілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде еңбек демалыса ақы төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін тиісті 48 мемлекеттік қызметшіге 61 мың теңге көлемінде өсімпұлдар төленді.

Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның талабына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға мiндеттi.

Департаменттің аталған бағыттағы жұмыстары әрі қарай өз жалғасын табатын болады.

С.Искалиев,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттіқ қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале