11.02.2026, 16:15
Оқылды: 80

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, - деп жазады akorda.kz

1770806819_5

Сенім грамоталарын Грек Республикасының елшісі Антониа Кацуру мен Португалия Республикасының елшісі Жозе де Каштру Атаиде Амарал тапсырды.

11_9_mediumThumb

Мемлекет басшысы Қазақстан бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Президенттің айтуынша, қазір әлемде орын алған барлық проблема тек бейбіт жолмен, яғни дипломатиялық арналар мен құралдар арқылы шешілуге тиіс.

1770806819_3

Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия және Португалия елдерінің басшылары мен премьер-министрлеріне ыстық ықыласын жолдап, оларды Астанаға сапармен келуге шақырды.

1770806819_2

Іс-шара соңында Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігі оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале