Ащысай ауылдық округінде «Amanat» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы А.Сафималиевтің, аудандық мәслихат хатшысы С.Тұрғалиевтің,аудан әкімінің орынбасары А.Исламбектің,«Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Тағаниязовтың қатысуымен мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Ауылдық округтерде «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен өтетін мобильді қоғамдық қабылдаулар халықпен тікелей байланыстың тиімді тетігі.

Қабылдау барысында ауыл тұрғындарының өзекті мәселелері тыңдалып, нақты сұрақтарға жауаптар беріліп, тиісті бөлімдерге тапсырмалар жүктелді. Атап айтсақ, ауылға медицина маманының қажеттігін, мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, «Ауыл аманаты» бағдарламасырдағы кепілдік, жер мәселесі, балабақша салу, балалар үшін мұз айдыны, су құбырындағы крандар туралы ашық айтылды.

Партия өкілдері мен жергілікті атқарушы орган басшыларының қатысуы – көтерілген сұрақтардың назардан тыс қалмай, бақылауға алынатынын көрсетеді.

Осындай қоғамдық қабылдаулар партияның ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын ұстанатынын дәлелдейді. Ауыл тұрғындарының өтініштері тыңдалып, нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы қадағалануы – халықтың партияға деген сенімін арттыра түседі.Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Ашық форматтағы қабылдаулар тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тікелей жеткізуіне жол ашады.
Ауыл тұрғыны Ж.Рахимова: "Осындай көшпелі қабылдаулар біз үшін өте маңызды. Аудан орталығына бармай-ақ, өз ауылымызда басшыларға мәселемізді тікелей айтып, нақты жауап алдық. Көтерілген сұрақтар бақылауға алынып, тапсырмалар берілгені көңілге сенім ұялатады,"- дейді.

Қоғамдық қабылдаулардың маңызы – халық пен билік арасындағы алтын көпір болуында. Бұл – кері байланысты күшейтіп, әлеуметтік мәселелерді дер кезінде анықтап, жүйелі түрде шешуге мүмкіндік беретін тиімді алаң. Сондықтан қоғамдық қабылдаулар ауыл тұрғындары үшін де, партия үшін де өзара сенім мен серіктестікті нығайтудың маңызды құралы болып табылады.
Светлана Байтенова,
Шыңғырлау ауданы