13.02.2026, 10:30
Оқылды: 18

Шыңғырлау ауданындағы мектепте ашық есік күні ұйымдастырылды

image-12-02-26-04-16-2

Шыңғырлау  орта  мектебінде «Open school: дамудың ашық алаңы» тақырыбында Ашық есік күні өтті.

Мектептің заманауи білім беру әлеуетін таныстырып, цифрлық және инновациялық жетістіктерін көпшілікке көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға  аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев,  аудандық бөлім басшылары арнайы келді.

Мектептің оқу-тәрбие үдерісі, жаңа бағыттағы жобалар және заманауи технологиялық мүмкіндіктермен танысқан ел азаматтары оқушылармен де әңгімелесті.

 Нұрғали Төлегенов,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале