13.02.2026, 14:35
Оқылды: 23

Күн тәртібінде - балалар арасында тәуекелдердің алдын алуды күшейту

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары К.Е. Мендіғалиевтің төрағалығымен жаңартылған құрамда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті. Дәстүрлі түрде іс-шараға аудандар мен Орал қаласы әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

adf47103-de4c-408e-9cb1-712fa0495cb5

Кездесу барысында балалар арасындағы құқық бұзушылықтар мен буллингтің алдын алу шаралары, формалды әрекеттен нақты профилактика мен әрбір баланы, соның ішінде «қауіпті топтағы» балаларды жеке қадағалау мен қолдауға көшу, сондай-ақ қауіпсіздікті арттыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 30 қаңтарында өткен Ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі А.Ғ.Балаеваның берген тапсырмаларының орындалуына ерекше мән берілді. Атап айтқанда, балаларды бірыңғай кешенді форматта сүйемелдеуді күшейту бойынша нақты қадамдар қарастырылды.

 

Ақпараттық кейстерді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы О.А.Ибрайымов, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Е.Н.Сафуллин, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Орал қалалық мәслихатының депутаты М.Г.Джардемов, Батыс Қазақстан облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ш.С.Утебалиева, Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.К.Кадралиев, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Б.Г.Лаврентьев және басқалар ұсынды.

6b14323a-fe5b-4d6e-91bd-e969fb925bb1

Өңірлік комиссия мүшелері облыстың бірқатар аудандарында жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, күшейтілген ведомствоаралық үйлестіруді қажет ететін жағдайлар бар екенін атап өтті.

Қорытындысында облыс әкімінің орынбасары «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда және тапсырмалар шеңберінде балалар құқығын қорғауды басымдық етіп, заманауи қолдау жүйесін құруға бастамашылық етті. Біздің міндетіміз - сапалы жүзеге асыру. Өйткені, балалар елдің бүгіні мен болашағы» деп атап көрсетті.

 

 БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале