Казталов ауылында «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен «Тай–2026» ішкі біріншілігі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ұлттық спортты дәріптеуді мақсат еткен жарысқа Нұрсай, Әбіш, Қоныс және Казталов ауылдарынан келген жүйрік тайлар қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Айдар Қазбекұлы Минеев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық ат спортының жастар тәрбиесіндегі маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде мұндай жарыстардың ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрімізді ұлықтаудағы рөлін атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
1-орын: «Жауынгер» (Әбіш ауылы). Шабандоз: Әли Сүндетқали (50 000 тг)
2-орын: «Пантера» (Нұрсай ауылы). Шабандоз: Бөкей Бек (30 000 тг)
3-орын: «Желқасқа» (Әбіш ауылы). Шабандоз: Саясат Сүндетқали (20 000 тг)
4-орын: «Күйші» (Казталов ауылы). Шабандоз: Армат (15 000 тг)
5-орын: «Бақторы» (Казталов ауылы). Шабандоз: Мерғалым (10 000 тг)
Жарыс жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Ұлттық спорттың өрісі кеңейіп, ауыл спортының дамуына серпін беретін мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенім мол.
Ернәсіл Рысқалиев
Казталов ауданы