15.02.2026, 15:30
Оқылды: 261

Психиатр бақыттырақ болғысы келетіндерге жеті кеңес берді

Психиатр Энрике Рохас бақыттырақ болғысы келетіндерге жеті кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі El Economista басылымына сілтеме жасап.

24b7ae4d-54d3-4840-8ba4-e898a8ddcaef

Фото: freepik 

Рохастың айтуынша, ең алдымен өткеннің жарасын жазып, бұрынғы қателіктер үшін өзін кешіруді үйрену керек. Дәрігер берген екінші кеңес - жүрек пен ақылдың арасынан тепе-теңдік табу. Тағы бір маңызды қыры - оң көзқарас және кез келген жағдайда позитив көре білу қабілеті.

Бұдан бөлек, маман сөзін жалғап, бақытқа жету үшін ерік-жігерді дамыту қажет екенін айтты.

"Ерік-жігер - психологиямыздың маңызды бөлігі, ал күшті, берік, тұрақты, табанды ерік - нағыз інжу-маржан", - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, дәрігер бақытты болуы үшін өмірлік жоспар құру маңызды екенін айтты: ол жоспар махаббат, жұмыс, мәдениет және достық сияқты барлық саланы қамтуы керек.

Қорытындылай келе, ол жан тыныштығына қол жеткізуге, сондай-ақ, өткенге қарай бермей, болашақ туралы армандауға шақырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале