17.02.2026, 9:05
Оқылды: 71

Фермерлер сиыр етінің бағасын келісіне 10-12 мың теңгеден сатуды ұсынды

Фермер Жәнібек Кенжебаев сиыр етінің келісі 10-12 мың теңгеден, қой еті 7 500 теңгеден төмен сатылмауы тиіс деп санайды. Айтуынша, бұл аспаннан алынған баға емес, екі жыл бойы бұзауды бағып, бордақылап, қыстан аман алып шыққан еңбектің өтеуі.

ет

Мал шаруашылығы қауымдастығы төрағасы Жәнібек Кенжебаевтің айтуынша, мал өсірушінің шығыны жыл сайын артып келеді. Жем-шөп, жанар-жағармай, электр энергиясы, логистика - барлығы қымбат. Тіпті малшы табудың өзі мұң. Бүгінде тәжірибелі бақташы кемі 500 мың теңге сұрайды. Арзан ет – өндірушіге тиімсіз. Баға төмен болған сайын халық қуануы мүмкін. Бірақ оның зардабы тереңде жатыр дейді сарапшы.

-Сиыр еті кемі 10-12 мың теңге болуы керек. Бірақ бізде балама бар – қой еті, жылқы еті. Жылқы етінің бағасы көп өскен жоқ. Сондықтан бүгінде кем дегенде 15 пайызға жоғары болуы тиіс. Өйткені жылқы еті экспортқа шықпайды. Ал қой еті 7,5 мыңға жуық болғаны абзал, – дейді мал шаруашылығы қауымдастығының төрағасы Жәнібек Кенжебаев.

Қазақстан фермерлер қауымдастығы өкілдері де әріптесін қолдайды.Сарапшының сөзінше, сиыр етінің келісі кемінде 4500-5000 теңге болуы тиіс. Сондай-ақ, арадағы алып сатарларды жоймай бағаны төмендету мүмкін емес деп отыр. Салада өзгеріс бар. Мемлекет субсидияны қысқартып, жеңілдетілген несиеге көшіп жатыр. Өйткені былтыр 2 миллионға жуық жалған мал тіркелгені анықталған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале