17.02.2026, 19:01
Оқылды: 22

Жәңгір хан университеті: Көрмеге таңдалған ғылыми жоба

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім және ғылым: Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» тақырыбындағы кеңейтілген алқа отырысы аясында ұйымдастырылған көрмеде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғалымдарының да ғылыми жобасы назарға ұсынылды.

IMG_9841

Алматыда өткен көрмеде қырықтан астам ғылыми жобалардың қатарынан орын алған «Қазақстанның мал азықтық алқаптарында тұрақты басқару контекстінде жемшөп дайындау технологиялары мен тәсілдерін жасақтау» ғылыми-техникалық бағдарламасының ғылыми жетекшісі – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Бейбіт Нәсиев.
Бұл ғылыми жоба еліміздегі мал азықтық алқаптарында тұрақты басқару контекстінде жемшөп дайындау технологиялары мен тәсілдерін жасақтауға бағытталған. Басты мақсат – Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын дамыту бойынша маңызды стратегиялық құжаттарда қойылған басым міндеттерді шешу.

IMG_9745
Мал шаруашылығы саласы үшін тұрақты азық өндірумен айналысатын Қазақстан фермерлері үшін маңызды бұл ғылыми жобаны ғалымдар 2023-2025 жылдары зерттеп, соның нәтижесінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, халықаралық басылымдарға мақала жариялап, халықаралық конференцияларға да өздерінің зерттеулерін ұсынған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының пайдалы моделінің сегіз патенті алынған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтар атсалысып, жалпы 6 PhD докторант, 17 магистрант және 21 студент қатысқан.
Ғылыми жобаны көрме қонақтарына Жәңгір хан университетінің оқытушысы, Агро-химиялық талдау зертханасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Мадияр Хиясов таныстырды. Жас ғалым бұл жобаға ғылыми қызметкер ретінде атсалысқан болатын.

БҚАТУ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале