17.02.2026, 23:00
Оқылды: 11

Казталовта аудан басшылығы шалғай елді мекендерді аралады

Казталов ауданы әкімі Асланбек Ахметоллаұлы, аудан әкімінің орынбасары Рашит Имангалиев аудан орталығынан шалғай орналасқан Бірік ауылдық округіне қарасты Саралжын елді мекеніне арнайы барып, қысқы мал азығының жай-күйімен және қыстақтардың жағдайымен танысты.

image-17-02-26-04-35-3

«Естігеннен гөрі, көзбен көрген дұрыс» деген ұстанымды негізге алған аудан басшылығы шалғай ауылдардың тыныс-тіршілігін өз көздерімен көріп, мал азығының және қыстақтардың жағдайын бағамдады. Жергілікті Саралжын ауылының ауылнайы Файзрахман Каленов мал шығыны жоқ екенін жеткізді. Сонымен қатар, қатынас пен жарық мәселесі күрделі болып отырған шалғай аумақтардың жайы да назардан тыс қалмады.

image-17-02-26-04-35

Аудан әкімі Көктерек ауылдық округіне қарасты Саралжын елді мекеніне де соғып, ондағы жағдайды көрді. Сол ауылдың ауылнайы Ұлан Жұмабаев елді мекендегі өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жол қатынасының қиындығы мал азығын тасымалдауға кедергі келтіріп отырғанын айтты. Бұдан бөлек, жарық мәселесі және жаңадан салынған мектептің төбесі қатты желден ақау болғаны да сөз болды.

image-17-02-26-04-35-1

Аудан басшылығы көтерілген мәселелерді назарға алып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар беріліп, шалғайдағы елді мекендердің әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын жақсарту бағытында нақты жұмыстар жүргізілетіні айтылды.

Ернәсіл Рысқалиев

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале