18.02.2026, 10:15
Оқылды: 15

АЛҒАБАСТЫҚТАР СПОРТ КЕШЕНІН САЛУДЫ СҰРАЙДЫ

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Алғабас ауылдық округінің әкімі Өркен Әменовтың халықпен кездесуіне қатысты. 

Округтің әлеуметтік - экономикалық дамуында оң серпін бар. 

Мәселен Алғабаста үй кезегінде тұрған 4 тұрғынға былтыр баспана берілген. 10 тұрғын үй салынып, иелерін күтіп тұр. Ауылда жаңа үйлердің бой көтеруі – жай ғана құрылыс емес, бұл демографиялық, әлеуметтік және экономикалық үдерістерге тікелей әсер ететін фактор. 

Әкімнің айтуынша, округ бойынша тұрғын үй кезегінде әр түрлі санаттағы 26 азамат тұр. 

жп Алғабас Сырым ауданы (1)

Бүгінгі таңда Алғабас ауылдық округі бойынша ауыз су тәулік бойы қалыпты беріліп тұр. Ішінара арасында ақауларға байланысты үзілістер болғанымен,  “Сырым” МКК жөндеу жұмыстарын жедел атқаруда. 

Ендігі мәселе - Жаңаөңір, Сасықкөл ауылдарының тұрғындарға сапалы ауыз су беру. Қазіргі таңда су тұщыту қондырғысы  қойылды, құжаттары рәсімделгесін, пайдалануға берілмек. 

Кездесуде жергілікті халық электр желілерінің тозуы, жайылым мәселелерін қозғады. 

Алғабастықтар ауылдарына спорт кешенін салуды сұрайды. Өте орынды талап. Чемпиондар тәрбиелеу үшін де, имидж үшін де бұл керек. 

Сіз қалай ойлайсыз?! 

жп Алғабас Сырым ауданы (2)

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ, 

“Сырым елі”

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале