18.02.2026, 14:30
Оқылды: 14

Оралда ер адам ағасының жеке мәліметтерін көрсетіп, полицейлерді жаңылыстырмақ болған

Орал қаласында ер адам өз деректерінің орнына ағасының жеке мәліметтерін көрсетіп, полиция қызметкерлерін жаңылыстыруға әрекет жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
 56076070_0_39_1280_759_1920x0_80_0_0_5ebddf8ce4d2982b4af2df1a8fb86e85
Фото: СҚО ДП

Құқық бұзушылықты жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау арқылы анықтаған. Volkswagen Touareg автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне өтіп кеткен.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері тексеру барысында көлікті 32 жастағы қала тұрғыны басқарғанын анықтады. Жүргізуші өзінде жүргізуші куәлігі мен барлық қажетті құжаттар бар екенін айтқан. Алайда кейінірек оның полиция қызметкерлерін әдейі жаңылыстыру мақсатында ағасының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсеткені белгілі болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға және реакция жылдамдығына кері әсер ететін заттарды қолданбауға шақырады. Мұндай әрекеттер тек өз өміріне ғана емес, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале